-
Амирабдуллахиан сионистердің Газадағы қылмыстары туралы Ватикан Сыртқы істер министріне хат жазды
Қаз 23, 2023 16:48Иран Сыртқы істер министрі Ватиканның Сыртқы істер министріне жолдаған хатында сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына тоқталып: «Өкінішке орай, бүгін біз басып алынған Палестина жерлеріндегі заманауи қатыгездіктің жаңа нұсқасымен бетпе-бет келіп отырмыз»,- деп жазды.
-
Иран Президенті: АҚШ пен сионистік режимнің қылмыскер басшылары адамзатқа қарсы қылмыстардың негізгі орындаушылары мен қолдаушылары ретінде сотталуы керек
Қаз 23, 2023 16:17ИИР Президенті Американың сионистік режимге қолдау көрсетуін арсыздық деп атап: «АҚШ пен сионистік режимнің қылмыскер басшылары адамзатқа қарсы қылмыстардың негізгі орындаушылары мен қолдаушылары ретінде сотталуы керек»,- деді.
-
Иран мен Оман сыртқы істер министрлері телефон арқылы ислам елдерінің Палестина халқына көмектесу жолдарын талқылады
Қаз 23, 2023 16:10Палестина халқын, әсіресе әйелдер мен балаларды өлтіруді дереу тоқтату, Газа секторының қоршауын дереу алып тастау және гуманитарлық көмек жіберу, сондай-ақ Газа секторы тұрғындарының күштеп көшуіне үзілді-кесілді қарсылық көрсету баса айтылған мәселелердің қатарында болды.
-
3+3 отырысы бүгін Теһранда өтеді
Қаз 23, 2023 16:053+3 форматындағы отырыс бүгін Теһранда Әзірбайжан, Армения, Ресей, Түркия және Иран Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өтеді.
-
Ауғанстандағы жерсілкіністен зардап шеккендерге Иран халқынан төртінші көмек жіберілді
Қаз 22, 2023 19:16Иран халқынан Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге төртінші көмек Хорасан Разавидің шығысындағы «Доғарун» шекарасынан жөнелтілді.
-
Ертең Теһранда «3+3» сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді
Қаз 22, 2023 19:00Ертең (дүйсенбі) «3+3» форматындағы екінші отырыс Әзірбайжан, Армения, Ресей, Түркия және Иран Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Теһранда өтеді.
-
Сионистік режимнің қылмыстық жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғалады
Қаз 22, 2023 17:41Иранның Бас прокурорының бұйрығына сәйкес, Теһран прокуратурасында сионистік режимнің қылмыстық жетекшілерінің қылмыстары бойынша қылмыстық іс қозғалады.
-
Иранның Барлау министрі: Сионистік режимді қатал және жойқын кек күтіп тұр
Қаз 22, 2023 17:21Иранның Барлау министрі: "АҚШ пен сионистік режимді қолдайтын басқа да үкіметтер дүниежүзінің азаттық пен әділет іздеп, зұлымдыққа қарсы тұратын халқы олардың қолдауын жауапсыз қалдырмайтынын және оларды қатал, жойқын, жойғыш кек күтіп тұрғанын білуі керек",- деді.
-
Амирабдуллахиан: Қарсыласу топтарының басқыншыларға қарсы әрекеттері халықаралық құқыққа негізделген
Қаз 22, 2023 17:02ИИР Сыртқы істер министрі люксембургтік әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде палестиналық қарсыласу топтарының басқыншылықпен күресу мақсатындағы әрекеттері халықаралық құқыққа негізделгеніне тоқталды.
-
Иран мен Оман ислам елдерінің Палестина халқына үйлестірілген көмегін қуаттады
Қаз 22, 2023 16:25Иран мен Оманның Сыртқы істер министрлері Палестина халқына көмектесу үшін ислам елдерінің талпыныстары мен қозғалыстарын үйлестіруді қуаттады.