-
Өткен түнде Газаға жасалған шабуылдарда 100-ден астам палестиналық шәһид болды
Қаз 28, 2023 17:59Израиль армиясының Газаға түнгі ену шектеулі операциясының басталуымен және кеше түннен бүгін таңға дейін бомбалауы салдарынан 100-ден астам бейбіт тұрғын шәһид болды.
-
«Әл-Ақса дауылының» 22-ші күні: сионистердің Газаға енуінің сәтсіздігі
Қаз 28, 2023 17:24«Әл-Ақса дауылы» операциясының 22-ші күні: сионистік режимнің Газаға ауыр және бұрын-соңды болмаған әуе шабуылдары жалғасуда, басқа жағынан сионистік режимнің Газаға ену әрекеттері Палестина қарсыласу күштерінің табанды қарсылығымен бетпе-бет келіп, сәтсіздікке әкелді.
-
Палестинаның қарсыласу күштері Дженин лагерін айнала келген сионистік режим күштерімен бірнеше сағат қақтығысты
Қаз 27, 2023 21:42Сарая әл-Құдске қарасты Дженин батальоны мәлімдемедесінде: "Палестинаның қарсыласу күштері Дженин лагерін айнала келген сионистік режим күштерімен бірнеше сағат қақтығысты. Осы қақтығыстардың нәтижесінде сионистік күштердің бірқатары қаза тапты немесе жараланды",- деп жарияланды.
-
Қарсыласу топтары бүгін таңертең сионистік әскерилердің екі операциясының жолын кесті
Қаз 27, 2023 21:40Қарсыласу топтары бүгін таңертең әл-Баридж және Бейт Ханун лагерлерінің шығысынан Газа секторына кіруге бағытталған шабуылда сионистік әскерилердің екі операциясының жолын кесті.
-
Ирактың Исламдық қарсыласуы Сирияның Әл-Шадади аймағындағы америкалық әскери базаға зымыранмен шабуыл жасады
Қаз 27, 2023 21:40Ирактың Исламдық қарсыласуы Сирияның Әл-Шадади аймағындағы америкалық әскери базаға зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады.
-
Хание Ресей мен Қытайдың Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ қарарына вето қоюдағы ұстанымын жоғары бағалады
Қаз 26, 2023 21:58ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының саяси бюросының басшысы мәлімдемесінде Ресей мен Қытайдың Қауіпсіздік кеңесіндегі ұстанымын және Американың сионистік басқыншы режимді қолдайтын қарарына вето қоюын жоғары бағалады.
-
Газада шәһид болған тілшілер саны 23 адамға жетті
Қаз 26, 2023 21:44Сионистік режимнің Газа қаласын бомбалауынан кейін тілшілердің шәһидтерінің саны 23 адамға жетті.
-
Газадағы шәһидтердің саны 7 мыңнан асты
Қаз 26, 2023 17:58Палестина Денсаулық сақтау министрлігі соңғы статистикасында Газа соғысында шәһид болғандар санының 7 165 адамға жеткенін жариялады.
-
Палестинаның қарсыласу күштері сионистердің позициялары мен қалаларын нысанаға алды
Қаз 25, 2023 19:44Израиль армиясы Хайфаның шет аймақтарын Газа секторынан алыс қашықтықтағы зымырандардың нысанаға алғанын хабарлады.
-
Израиль Газаны атом бомбасының көлеміндей бомбалады
Қаз 25, 2023 18:45Газадағы үкіметтің баспасөз кеңсесі сейсенбі күні кешке сионистік режимнің өткен 18 күнде Газаға тастаған бомбаларының көлемі Хиросимаға тиген атом бомбасының қуатына тең екенін хабарлады.