Сумуд флотының кемелері Италияның оңтүстігінен Газа секторына қарай бет алды
Қыр 14, 2025 19:09 Asia/Almaty
ParsToday - Сумуд жаһандық флотына қатысы бар бірқатар кемелер Италияның оңтүстігінен Газа секторына кетті.
Жаһандық Сумуд (Табандылық) флотының ұйымдастырушылары флоттың 18 кемесі Италияның оңтүстігіндегі Катания портынан Газа секторына қарай аттанатынын хабарлады.
Олар сондай-ақ: Тунис пен Грецияның кемелері де бүгін Газа секторына қарай жүзіп, халықаралық суларда осы кемелерге қосылуын айтты.
«Сумуд» флотилиясы Газа секторының қоршауын бұзуға бағытталған ең үлкен жаһандық теңіз күштері болып саналады және бұл кемелердің экипажы сионистік режимнің Газаны қоршаудағы заңсыз әрекетін залалсыздандыруға күш салуда.