Иран АҚХА 69-шы жыл сайынғы конференциясы төрағасының орынбасары болды
https://itolqyn.com/news/daily_news-i81356-Иран_АҚХА_69_шы_жыл_сайынғы_конференциясы_төрағасының_орынбасары_болды
ParsToday - Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 69-шы Бас Ассамблеясында Иран бас конференция төрағаларының орынбасарларының бірі болып сайланды.
(last modified 2025-09-15T15:01:44+00:00 )
Қыр 15, 2025 19:40 Asia/Almaty
  • Иран АҚХА 69-шы жыл сайынғы конференциясы төрағасының орынбасары болды

ParsToday - Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 69-шы Бас Ассамблеясында Иран бас конференция төрағаларының орынбасарларының бірі болып сайланды.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің жалпы отырысында АҚШ пен сионистік режимнің қысымына қарамастан Иранның конференция төрағасының орынбасары болу талабы мақұлданды. 

АҚШ өкілі мүшелер тарапынан қолдау таппай қалудан қорқып, өз өтінішін дауысқа салмады.

АҚХА Бас конференциясының 69-шы кезекті сессиясы 2025 жылғы 15-19 қыркүйек аралығында Австрия астанасындағы Вена халықаралық орталығында (VIC) өтеді. 

Конференцияға Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами де қатысуда.

Венаға аттанар алдында Ислами АҚХА биылғы бас конференциясының Иранның ұстанымдарын білдіру үшін өте құнды мүмкіндік екенін айтты.