Қасым-Жомарт Тоқаев саммит ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді
https://itolqyn.com/news/daily_news-i81592-Қасым_Жомарт_Тоқаев_саммит_ынтымақтастықтың_жаңа_кезеңіне_жол_ашатынына_сенім_білдірді
ParsToday - Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе саммитінің қорытындылары өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
(last modified 2025-10-10T12:44:00+00:00 )
Қаз 10, 2025 14:58 Asia/Almaty
  • Қасым-Жомарт Тоқаев саммит ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді

ParsToday - Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе саммитінің қорытындылары өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуал өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың ажырамас бөлігі болып қала беретінін атап өтті. Президент бұл елді өңірдегі экономикалық үдеріске тарту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе саммитінің қорытындылары Ресей мен Орталық Азия елдерінің тұрақтылығы мен өркендеуі жолында өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.