Арақчи: Біз Иран ұлтына қауіп төндіретіндермен келіссөз жүргізбейміз; басқыншылыққа қарсы бастамаларды құптаймыз
ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі Шарм әл-Шейх отырысына қатысудан бас тартып, Ислам республикасының Иран халқына санкция салып, қоқан-лоққы жасаған елдермен ынтымақтастық жасамайтынын баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи әлеуметтік желідегі хабарламасында Иранның Мысыр президентінің Шарм-әл-Шейх саммитіне қатысуға шақыруына ризашылығын білдіріп, бірақ қоқан-лоққылар мен санкциялардың жалғасуына байланысты кейбір елдермен қарым-қатынас жасау мүмкін еместігін мәлімдеді. Ол мұндай саммиттерге президент Пезешкианның де қатыспайтынын баса айтты.
Арақчи сондай-ақ Газадағы геноцидтің тоқтатылуына және басқыншы күштердің шығарылуына себеп болатын кез келген бастаманы құптап: «Иран әрқашан аймақтағы бейбітшілік үшін шешуші күш болған және болады» деді.