Арақчи: Біз Иран ұлтына қауіп төндіретіндермен келіссөз жүргізбейміз; басқыншылыққа қарсы бастамаларды құптаймыз
https://itolqyn.com/news/daily_news-i81628-Арақчи_Біз_Иран_ұлтына_қауіп_төндіретіндермен_келіссөз_жүргізбейміз_басқыншылыққа_қарсы_бастамаларды_құптаймыз
ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі Шарм әл-Шейх отырысына қатысудан бас тартып, Ислам республикасының Иран халқына санкция салып, қоқан-лоққы жасаған елдермен ынтымақтастық жасамайтынын баса айтты.
(last modified 2025-10-13T14:15:49+00:00 )
Қаз 13, 2025 17:42 Asia/Almaty
  • Арақчи: Біз Иран ұлтына қауіп төндіретіндермен келіссөз жүргізбейміз; басқыншылыққа қарсы бастамаларды құптаймыз

ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі Шарм әл-Шейх отырысына қатысудан бас тартып, Ислам республикасының Иран халқына санкция салып, қоқан-лоққы жасаған елдермен ынтымақтастық жасамайтынын баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи әлеуметтік желідегі хабарламасында Иранның Мысыр президентінің Шарм-әл-Шейх саммитіне қатысуға шақыруына ризашылығын білдіріп, бірақ қоқан-лоққылар мен санкциялардың жалғасуына байланысты кейбір елдермен қарым-қатынас жасау мүмкін еместігін мәлімдеді. Ол мұндай саммиттерге президент Пезешкианның де қатыспайтынын баса айтты.

Арақчи сондай-ақ Газадағы геноцидтің тоқтатылуына және басқыншы күштердің шығарылуына себеп болатын кез келген бастаманы құптап: «Иран әрқашан аймақтағы бейбітшілік үшін шешуші күш болған және болады» деді.