Иран Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шиеленісті азайту үшін араағайындық жасауға дайын
https://itolqyn.com/news/daily_news-i81876-Иран_Пәкістан_мен_Ауғанстан_арасындағы_шиеленісті_азайту_үшін_араағайындық_жасауға_дайын
ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі Теһранның Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы келіспеушіліктерді шешуге және шиеленісті азайтуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-09T13:32:42+00:00 )
Қар 09, 2025 19:44 Asia/Almaty
  • Иран Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шиеленісті азайту үшін араағайындық жасауға дайын

ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі Теһранның Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы келіспеушіліктерді шешуге және шиеленісті азайтуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Пәкістанның сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхак Дармен телефон арқылы сөйлесуінде Теһранның Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы келіспеушіліктерді шешу және диалогты ілгерілету үшін кез келген көмекке дайын екенін мәлімдеді. Иран мен Пәкістан арасындағы достық және ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өткен Арақчи шиеленісті азайту үшін екі ел арасындағы келіссөздерді аймақтық елдермен ынтымақтастықта жалғастыруға шақырды.

Тараптар сондай-ақ аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін консультациялар мен үйлестіруді жалғастыруға келісті.

Пәкістанның сыртқы істер министрі аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің маңыздылығын атап өтті.