Иранда президенттік сайлау науқаны басталды
(last modified Mon, 27 May 2024 11:18:57 GMT )
Maм 27, 2024 17:18 Asia/Almaty
  • Иранда президенттік сайлау науқаны басталды

Иранның Ішкі істер министрі елдегі әкімдерге жолдаған хатында жексенбі, 26 мамыр күні 14-ші президенттік сайлау науқаның бастауға бұйрық берді.

 

ИИР 8-ші президенті Сейед Ибрахим Раиси жексенбі (19 мамыр)  күні кешке Шығыс Әзірбайжан облысының Варзган аймағындағы солтүстік-батыстағы Табриз қаласына Қызкаласи бөгетінің ашылу рәсімінен қайтар жолда Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан және басқа серіктерімен бірге әуе апатына ұшырап, шәһид болды.

Иран Ислам Республикасы Конституциясының 131-бабына сәйкес, президент қайтыс болған, отставкаға кеткен немесе екі айдан астам уақыт бойы ауырған және президент қызметінен босатылған немесе басқа да осыған ұқсас себептер бойынша Уақытша Президенттік кеңес кешіктірмей елу күн ішінде жаңа президентті сайлауды ұйымдастыруға міндетті. Осыған орай Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди жексенбі күні ел әкімдеріне жолдаған хатында 14-ші президенттік сайлау науқаның бастауға бұйрық берді.

Он төртінші президенттік мерзімнің сайлауы жұма, 2024 жылғы 28 маусым (1403 жылғы 8 тир) күні өтеді.