Сионистік режимнің Сыртқы істер министрі ХАМАС-тан жеңілгенін мойындады
(last modified Mon, 20 Jan 2025 11:11:26 GMT )
Қаң 20, 2025 17:11 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Сыртқы істер министрі ХАМАС-тан жеңілгенін мойындады

ParsТoday - Сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Хамас қозғалысына қарсы жеңіліс пен бұл режимнің Газадағы тұтқындарын босатуға қабілетсіздігін мойындады.

Сионистік телеарнаның 12-ші арнасына сілтеме жасаған ParsТoday арнасының хабарлауынша, Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар сөйлеген сөзінде: «Тұтқындар алдындағы жауапкершілігіміз өте ауыр болғанымен, біз бірнеше ай бойы бір тұтқынды да тірідей қайтара алмадық және Хамас қозғалысына қатысты соғыс мақсаттарына жете алмадық». 

Сионистік режимнің Білім министрі Йоав Киш де Газада атысты тоқтату келісіміне қол жеткізуге қатысты мәлімдемесінде: «Біз ХАМАСпен келісім үшін үлкен шығынға ұшырадық»,- деп айтты.

Осыған байланысты сионистік армияның Теңіз күштерінің бұрынғы қолбасшысы Едидия Яари де: «Газадағы жеңіс біз үшін толық жеңіліске айналды» деді.

Яари былай деп қосты: «Газадағы соғыс аяқталады, бірақ оқиға Гаагада және Израильде саяси және соттық цунамиге тап болады және ол ақырында апатқа айналуы мүмкін».

Катар Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні (15 қаңтар) сионистік режим мен Хамас арасындағы атысты тоқтату келісімін жариялап, былай деп қосты: «Атысты тоқтату келісімінің орындалуы жексенбі күні (19 қаңтар) күшіне енеді және осы келісімге сәйкес Хамас палестиналық тұтқындарды босатудың орнына бірнеше кезеңде 33 тұтқынды босатады және сионистік режим Газа секторын тастап кетуі керек».