Сионистік режимнің бұқаралық ақпарат құралдары Иранның қорғаныс жетістіктерін қалай жариялады?
ParsToday – Ислам Республикасы Иранның «Фаджр» онкүнінің құрметіне ұсынылған кейбір қорғаныс жетістіктері Израильде кеңінен жарияланды және сионистердің қорқынышын тудырды.
Израильдің «Исраэль Ха-Йом» газеті Иранда қорғаныс өнеркәсібінің айтарлықтай дамуына және әртүрлі әскери жабдықтарды, соның ішінде ұшқышсыз ұшақтарды, әуе қорғанысы жүйелерін және баллистикалық зымырандарды шығаруға мойындап, Иран президенті Масуд Пезешкианның қатысуымен «Этемад» зымыранын тұсауы кесілді. ParsToday агенттігінің ИРНА-ға сіштеме жасап хабарлауынша, «Исраэль Ха-Йом» газетінің жазуынша, «Этемад» зымыранының максималды қашықтығы 1700 шақырымды құрайды, бұл қашықтық зымыранға Израильді нысанаға алу мүмкіндік береді.
«Исраэль Ха-Йом» газетінің тағы бір мақаласында Иранның ядролық бөлшектерін тасымалдауға және 3000 шақырым қашықтыққа ұшуға қабілетті зымырандарды әзірлеп жатқаны туралы мәлімдеме жасалды, бірақ газет кейінірек осы жабдықтардың спутниктерді ұшыру үшін қолданылатынын мойындады.
Сионистік режимнің «Маарив» газеті де Иранның 1700 шақырым қашықтыққа ұша алатын жаңа зымыранның тұсауын кесуі туралы мақала жариялады. Бірақ мақалада Иранның жаңа зымыран қалашығын ұсынуына назар аударылып, Израильдің Иранның «Этемад» зымыранының жетілу аймағында екені атап өтілді..
Сол сияқты, «Едиот Ахронот» газеті Иранның ядролық зымырандарының Еуропаға жетуі мүмкіндігі туралы қорқынышты назарға алу мақсатында осы тақырыпты тақырып ретінде пайдаланды. Газет өз есебінде Иранның спутниктерді ұшыру саласындағы жетістіктеріне тоқталып, ғарыш агенттігінің басшысы Хасан Салариехтың спутниктерді ұшыру туралы сөзіне сілтеме жасады. Бірақ газет өзінің аудиториясын адастыру үшін Парсы шығанағындағы Сақшылар корпусы жаттығулары кезіндегі зымыран тасығыш пен зениттік зеңбірек туралы жариялаған суреттеріне ешқандай түсініктеме бермеді.
Айта кету керек, израильдік бұқаралық ақпарат құралдары Иранның қорғаныс бағдарламалары туралы қоғамдық пікірді бұруға тырысса да, Иран Президенті Масуд Пезешкианның және Сақышвлар корпусы бас қолбасшысы генерал Хусейн Саламидің Иранның қорғаныс жетістіктерін ұсынудың мақсаты жауларға тосқауыл қою хабарламасы жіберу екендігі туралы сөздерін жариялауға мәжбүр болды.