Ислам Революциясының жетекшісі дұшпандардың қастықтарының алдында қырағы болуды қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i1015
Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Шығыс Әзірбайжан халқының түрлі таптарымен кездесуінде Иранның ұлы халқына биылғы жылы 22 баһман күні ерлік жасағаны үшін алғыс айтып, оны халықтың мықты ерік-жігерінің, табандылығы мен қырағылығының белгісі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 18, 2016 17:06 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясының жетекшісі  дұшпандардың қастықтарының алдында қырағы болуды қуаттады

Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Шығыс Әзірбайжан халқының түрлі таптарымен кездесуінде Иранның ұлы халқына биылғы жылы 22 баһман күні ерлік жасағаны үшін алғыс айтып, оны халықтың мықты ерік-жігерінің, табандылығы мен қырағылығының белгісі деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі Табриз халқының 1356-шы жылдың (1978) баһман айының 29 күнгі көтерілісінің жылдығы қарсаңында өткен осы кездесуде: «Революцияның жеңіске жетуі және АҚШ пен сионистік режимнің Иранды уыстарынан шығарып алуы АҚШ үшін соңғы 37 жылдағы ең үлкен қорлық болды» деді. Хазірет сайлау мәселесіне де тоқталып, Иран халқының дұшпандарының революция жеңісінің басынан бастап халықты сайлауға қатысудан бас тартқызу үшін талпыныс жасап келе жатқандарын еске салды.

Иранда алдағы аптаның жұма күні маңызды сайлау өтеді. Ислам Кеңесі мәжілісі сайлауының 10-шы кезеңі мен Эксперттер мәжілісі сайлауының 5-ші кезеңі 26 ақпан күні өткізіледі. АҚШ қайраткерлерінің ішкі іске араласушылық сөздері олардың өз қастықтарын жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын көрсетеді.

Хазірет аятолла Хаменеи осы аяда олардың 26 ақпан күніне дайындап отырған жоспары Конституцияның Сақшылар кеңесінің жұмысын бұзып, олардың шешімдеріне күмән тудырудан басталғанын еске салды.

Шындық – АҚШ-тың Иранға қатысты өшпенділігінің өзгермегенінде. АҚШ Иранның ядролық бағдарламасының қауіп-қатер болуы туралы уәж айтты. Бірақ қазір АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары Венди Шерман Иранның ешуақытта ядролық қару жасауды көздемегенін мойындап отыр.

Дегенмен, АҚШ қайраткерлері жала жабу мен қастық жасаудан бас тартқан жоқ. АҚШ-тың үкімет қайраткерлері өткен отыз жылда Иранды лаңкестікті қолдау және адам құқығын бұзушылықпен айыптап, Иранның зымырандық күшіне қатысты алаңдаушылықты алға тартып Иранға қарсы санкциялар салып, қысым жасады. Олар «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейін де сылтау іздеуде. Бір америкалық қайраткердің әлемдік инвесторлардың Иранға келуге батылы жетпес үшін талпыныс жасайтыны туралы сөздері осындай ой-пікірдің бір үлгісі.

Ислам революциясының жетекшісі кеше сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Иран халқымен дұшпандығын білдіретін осындай сөздерге тоқталып, америкалықтардың сенімсіз болуы туралы сөздердің дәл осыны білдіретінін айтты. АҚШ үкімет қайраткерлерінің сөздері олардың Иранға соққы беру үшін ешбір мүмкіндікті қалт жібермейтінін көрсетеді.

Иран халқы осындай дұшпандық қатынасты ешуақытта ұмытпайды. АҚШ туралы төрелік ету үшін әрқашан себеп табылады. Иран халқы Ислам революциясынан кейін таңдап алған жол үстемшіл жүйенің күш көрсетуі, әсіресе, АҚШ-тың шектен тыс талап етуіне қарсы табандылық болды. Иран халқы бұдан былай АҚШ-тың қатынасы өзгергенге дейін сол елге қарсы тұратын болады. Бұл – Революция тарихы мен исламдық жүйенің 37 жыл өмірі мұны дәлелдеген шындық.