Зариф: Басқыншылық саясаты аймақтағы ең үлкен мәселе
Иран Сыртқы істер министрі әлемдік Құдс күні шеруі аясында аймақтағы басқыншылық саясаттарын аймақ пен бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздіктің ең үлкен түйткілі деп атады.
ИСНА-ның хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф тілшілер алдында сөйлеген сөзінде: «Өкінішке орай, тәкфирлік топтар мен олардың демеушілері биыл және өткен жылдары сионистік режимді қолдау арқылы өз әрекеттерін сионистік режимге тосқауыл қоюға бағыттаудың орнына мұсылмандарға қарай бағыттаған. Бұл ислам әлемі мен жалпы әлемге қатер төндіретін ең үлкен қауіп болып табылады.
Иран мен әлемнің мұсылман халқы және барлық бостандық сүйгіш адамдар ислам революциясының негізін қалаушының үлкен мұрасы болып табылатын әлемдік Құдс күні рәсіміне белсенді түрде қатысумен қате саясат пен бағытты өзгертуді қабылдауға әзір еместігін әлемге көрсетеді.
Ислам әлеміне қауіп төндіретін сионизм мен тәкфирліктер деген шындықтан ауытқу қауіпті. Осы қауіп- қатерлерге аймақ және әлем деңгейінде ұқсас топтар қолдау көрсетуде» деді.