Күрдістан жұмысшылар партиясы Түркияның үкіметі мен армиясына ескерту жасады
(last modified Sat, 20 Feb 2016 08:36:32 GMT )
Ақп 20, 2016 14:36 Asia/Almaty
  • Күрдістан жұмысшылар партиясы Түркияның үкіметі мен армиясына ескерту жасады

Түркияның Күрдістан жұмысшылар партиясы басшыларының бірі Түркия үкіметіне келесі көктемде қақтығыстар ұлғаяды деп қоқан-лоққы жасап, бұл топтың Түркияның армиясына қарсы ауқымды амалдар ұйымдастыратынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Джамиль Баик жұма күні Күрдістан жұмысшылар партиясына тиесілі «Ферат» сайтына берген сұхбатында Түркияға көктем басталғанда осы елдің армиясымен қақтығыстардың кеңейе түсетінін айтып, қоқан-лоққы жасады.

Түркияның Күрдістан жұмысшылар партиясының аға мүшесі, сондай-ақ: «Соғысты кім бастағанын барлығы біледі. Түркияда осы майданды бастаған біз емес. Біздің күштеріміз тек қорғаныста болды»,-деді.

Ол Анкарада жуырда орын алған лаңкестік әрекет туралы: «Бұл жарылыстың артында кімдердің тұрғанын білмейміз. Бірақ бұл әрекет Түркияның оңтүстік-шығысында күрдтердің жаппай қырылуына көрсетілген реакция болуы ықтимал»,-деді.