Зариф: Иран ядролық мәселелер туралы келіссөздерді абыроймен өткізді
Иран Сыртқы Істер Министрі Иранның "алтылық" елдерімен ядролық мәселелер туралы келіссөздерді абыроймен өткізгенін мәлімдеді.
Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф бейсенбі күні "Фарс" хабар агенттігіне берген сұхбатта "Иран Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейінгі әрекеттерін сынап, өзінің сындарын бүкпесіз баяндады. Әлемнің бүкіл елі ИИР ядролық келіссөздерде өзінің құқығын дәлелдеп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әділетсіз қарарларын тоқтата алды деп санайды" деді. Иран Сыртқы Істер Министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жетістіктері туралы айтқан сөзінде де: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы әртүрлі тараптардың келісімдері мен келіссөздерінің нәтижесі болды. Бұл бағдарлама бір ғана тараптың барлық ұстанымын қамтымайды, керісінше барлық тараптардың ұстанымдарын қамтиды" деді.