Зариф: Иран мен Оманның барлық салалардағы қарым-қатынастары кеңейтіледі
Иранның Сыртқы істер министрі Иран мен Оманның барлық салалардағы қарым-қатынастарының кеңейтіліп жатқанын айтты.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Оманның Сыртқы істер министрі Юсуф бен Алавимен кездесуінен кейін тілшілерге берген сұхбатында Иран мен Оманның қарым-қатынастарын үлгі тұтарлық деп сипаттап, Теһран-Маскат қатынастарын кеңейту жолында ешқандай кедергініңң жоқ екендігін қуаттады.
Зариф Иран мен Оманның екіжақты қатынастарды кеңейтуге қатысты ерік-жігеріне тоқталып: "Екі елдің қарым-қатынастары үлгі тұтарлықтай. Теһран Оман қайраткерлеріне, соның ішінде, Оман сұлтанына ядролық мәселені шешудегі белсенді рөлі үшін алғыс білдіреді" деді.
Зариф Оманның Иран үшін жақсы әрі сенімді көрші екенін айтып, Оманның жоғары дәрежелі саяси және экономикалық делегациясының Теһран сапарының Иран мен Оманның арасындағы достық және бауырластық байланыстарды кеңейтуде жаңа кезеңнің бастамасы болатындығына үміт білдірді.
Оманның Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен өткізген ортақ баспасөз маслихатында Теһран-Маскат ынтымақтастығының аймақтық және халықаралық қарым-қатынастарға оң әсер еткенін мәлімдеді.