Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарына кешірім жасауға келісті
(last modified Sat, 13 Aug 2016 15:31:52 GMT )
Там 13, 2016 21:31 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарына кешірім жасауға келісті

Ислам революциясының жетекшісі Иранда сотталғандардың бірқатарына кешірім жасауға немесе жазасын жеңілдетуге келісім берді.

Шиіттердің сегізінші имамы хазірет Әли бен Мұса әл-Резаның (ғ.) туған күнінің жылдығы мен адамгершілік онкүндігіне орай хазірет аятолла Хаменеи Қоғамдық және революциялық соттар, Қарулы күштердің сот мекемесі мен Мемлекеттік сөгіс ұйымы соттаған 705 адамды кешіруге немесе жазасын жеңілдетуге  келісім берді.

Иран сот органының басшысы аятолла Амоли Лариджани Ислам революциясының жетекшісіне жазған хатында сот билігінің Кешірім жасау орталық комиссиясында қажетті шарттарға ие деп табылған 705  сотталған адамды кешіруге, жазасын жеңілдетуге және жазасын ауыстыруға ұсыныс жасады. Хазірет аятолла Хаменеи бұл ұсыныспен келісті.