Зариф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы - Иран халқының табандылығының нәтижесі
Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынің іске асырылуын Иран халқының табандылығының нәтижесі деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі тілшісіне берген сұхбатында: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тұрғыларының көбінің іске асырылуы, соның ішінде Иранға қарсы ядролық шектеулердің алынуы өте табысты болды, өйткені бұл Иран халқының табандылығының нәтижесі»,- деді.
Зариф санкциялардың күшінің жойылуы туралы мәселеге тоқталып: «Осы кезде Иранның мұнай экспорты санкцияларға дейінгі мөлшеріне жақындап, Иранның оқшауланған ақшаларын қайтаратын мүмкіндік пайда болды»,- деп қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен елдің еуропалық серіктерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру үдерісін жылдамдатуға қатысты Вашингтонға қысым жасауына тоқталып: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орындағанына кепілдік беруі керек»,- деп баса айтты.