Революцияның мәртебелі жетекшісінің Теһран мешіттерінің имамдары алдында сөйлеген сөзі
(last modified Sun, 21 Aug 2016 13:26:05 GMT )
Там 21, 2016 19:26 Asia/Almaty
  • Революцияның мәртебелі жетекшісінің Теһран мешіттерінің имамдары алдында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі мешітті адам тәрбиелеу, дұшпанға тосқауыл қою, ділді нұрландырып, дүниені абаттандыру, көрегенділікті арттыру және исламдық өркениет қалыптастыру үшін алғышарт әзірлейтін база болуы керек деп қуаттады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні әлемдік мешіт күніне байланысты Теһран облысы мешіттерінің имамдарын қабылдауда мешітті мәдени қарсыласудың ошағы және әлеуметтік қызмет базасы деп атап: «Ислам тарихында мешіт кеңесу, ынтымақтастық жасау, әлеуметтік, саяси және әскери маңызды мәселелерде шешім қабылдау орталығы болған» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі әлемдік мешіт күнін белгілеудің пәлсапасы туралы: «Бұл күн Иран ислам республикасының талаптануымен «әл-Ақса» мешітінің сионистер қолынан өртенуіне байланысты ислам үмбеті сионистік режимге тосқауыл қоюы мақсатында Исламдық Ынтымақтастық ұйымында бекітілді. Аталмыш күнге осы көзқараспен назар аудару керек» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи сондай- ақ ислам революциясын үстемшіл жүйенің діңгегіндегі қуатты зілзала деп атап: «Төңкерісшіл ислам мен ислам революциясының берекесімен әлемдік зорлықшылардың негізгі мақсаты, яғни аймаққа билік жүргізу сәтсіздікке ұшырап, Америка Батыс Азия аймағында іс жүзінде жеңіліспен бетпе-бет келді. Егер халықтың иманы мен исламға деген беріктігі болмағанда Иран да өзгелер сияқты Америка мен өзгелерге тәуелді болар еді. Сол себепті олардың халықтың иманына қарсы  терең және таусылмас өшпенділіктері бар.

Жеке және ұжымдық ғибадаттармен шектелетін секуляр исламмен, тіпті егер оның көп жақтаушылары болса да үстемшілдер онымен жауласпайды. Әлемдік зорлықшылар саяси- әлеуметтік жүйе құратын және ұлттарды дүние мен ақиреттің шын бақытына жетелейтін айбынды исламмен жауласады» деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер