Иранның қорғаныс өнеркәсібі саны мен сапасы жағынан өсуде
(last modified Mon, 22 Aug 2016 14:40:40 GMT )
Там 22, 2016 20:40 Asia/Almaty
  • Иранның қорғаныс өнеркәсібі саны мен сапасы жағынан өсуде

Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі соңғы үш жылда Иран қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің саны мен сапасы жағынан жоғары өскенін мәлімдеді.

Иранның Қорғаныс министрі сардар Хосейн Деһқан Иран Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық өнеркәсіп, инженерлік және конструктивтік, қорғаныстық және қызметтік дипломатия салаларындағы миссиялары мен міндеттерінің ауқымдылығына сілтеме жасап: "Соңғы кездерде санкциялар мен шектеулі ресурстарға қарамастан қорғаныстық құрылымды күшейтуде және Иран қарулы күштерін жабдықтау мен оған демеушілікте үлкен қадамдар жасалған" деді.