Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі отбасының жалпы саясаттарын жариялады
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Жүйе мүддесін анықтау алқасымен кеңестен соң бекітілген Конституцияның 11 бабының бірінші тармағын жүзеге асырудағы отбасының жалпы саясаттарын жариялады.
Отбасының жалпы саясаттары үш биліктің басшылары мен Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасына жарияланды. Отбасының жалпы саясаттарының мәтінінде былай деп жазылған: «Отбасы – негізгі ұйым, ислам қоғамының іргетасы, адамның дамуы мен кемелденуінің ошағы, Иран мен ислам жүйесінің саулығы мен ілгерілеуінің, айбыны мен рухани дамуының демеушісі. Отбасына негізделген қоғам қалыптастыру, отбасын исламдық үлгі негізінде нығайту және сәтті отбасылыққа ынталандыру отбасының жалпы саясаттарының қатарына жатады».