Ислам революциясы жетекшісінің Илхам Әлиевпен кездесуінде сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынасты жақсы деп бағалады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше, сейсенбі күні Теһранда Әзірбайжан республикасының Президенті Илхам Әлиевпен кездесуінде Иран мен Әзірбайжан арасындағы жақсы саяси қарым-қатынас пен екі халықтың, әсіресе діни ортақ құндылықтарына тоқталып: «Исламдық тағылымдарды тарату және діни негіздерді құрметтеу қоқан-лоққыларға қарсы халықтың қолдауына себеп болады»,- деді.
Аятолла Хаменеи ИИР мен Әзірбайжан халқын бауырлас, қарым-қатынастарын достық және көршілік қарым-қатынастардан жоғары деп бағалап: «Әзірбайжан халқының саяси тұрақтылығы, қауіпсіздігі, тыныштығы мен жақсы тұрмысы Иран үшін өте маңызды. Екі халықтың арасындағы келісімдер бойынша экономикалық айналым мен әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарды арттыру қажет»,- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Әзірбайжан халықтарының ортақ діни құндылықтарына сілтеме жасап: «Әзірбайжан халқының исламдық сенімдері – құнды қор. Сондықтан үкімет діни сенімдерді құрметтеген сайын халықтың үкіметті қолдауы өрістеп, дұшпандарға, әсіресе кейбір билікқұмарларға қатысты қарсылықтары күшейеді»,- деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі халықтардың тәкфіршіл топтарға қарсы қарсыласуын исламдық белсенділікке байланысты деп атап: «Әзірбайжан республикасы діни тұрғыдан терең тамырға ие және кейбір мұсылман ғұламалардың мекені» деп қуаттап, Әзірбайжан халқының хабардар, қырағы екенін еске салып, үкіметтің діни жұмыстарға көметесуінің халықтың қолдауына ие болуда қатты әсер ететінін ескертті.