Иран аймақ елдерімен ядролық салада әріптестік жасауға дайын
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Теһранның аймақ елдерімен атом қуатын дамыту саласында серіктестік пен ынтымақтастық жасауға дайын екендігін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Әлиакбар Салехи жұма күні Лондонда Дүниежүзілік ядролық қоғамның жыл сайынғы отырысында: «Парсы шығанағы елдерінің атом қуатын дамытуға қызығушылығын ескере отырып, Теһран аймақ елдерімен серіктестік жасауға және өзінің осы саладағы тәжірибесімен бөлісуге дайын»,-деді.
ИИР Президентінің орынбасары Иранның 20 мың мегаватт атом қуатын өндіруді көздеп отырғанын хабарлап: «Бұл мақсатқа жету үшін Иранның оңтүстігіндегі Бушерде бар стансамен қоса, ел үкіметі Ресеймен екі жаңа станса салу туралы келісімге қол қойды. Бұл ұйым атом қуатын пайдалану арқылы вакцина мен дәрі жасау, сондай-ақ, егін шаруашылығы өнімдерін өндіруді жақсартуға атсалысты»,-деді.