Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарын кешіруге немесе жазасын жеңілдетуге келісті
(last modified Sun, 18 Sep 2016 08:33:24 GMT )
Қыр 18, 2016 14:33 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарын кешіруге немесе жазасын жеңілдетуге келісті

Ислам революциясының жетекшісі Құрбан айт пен Ғадир Хом мейрамына орай сотталғандардың бірқатарын кешіру, жазасын жеңілдету немесе жазасын ауыстыру туралы ұсынысқа келісім берді.

Иран Сот органының төрағасы аятолла Амоли Лариджани Ислам революциясының жетекшісіне хат жолдап, Иранның қоғамдық және революциялық соттары, Қарулы күштердің сот ұйымы мен әкімшілік санкциялар ұйымы соттаған 582 адамды  кешіру, жазасын жеңілдету немесе жазасын ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Бұл адамдар  Сот органының Орталық кешірім комиссиясы тарапынан кешіру шарттарына сәйкес деп табылған. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы ұсыныспен келісті.

Тегтер