Лаңкестік және есірткі заттар тақырыбы - үстемшіл жүйенің түйткілі
(last modified Thu, 29 Sep 2016 02:14:23 GMT )
Қыр 29, 2016 08:14 Asia/Almaty
  • Лаңкестік және есірткі заттар тақырыбы - үстемшіл жүйенің түйткілі

Иран Сот билігінің бірінші орынбасары лаңкестік және есірткі заттар мәселесін халықаралық жүйе соған кіріптар болып отырған тақырыптардың қатарында атады.

Иран Сот билігінің бірінші орынбасары Ғоламхосейн Мохсени Эжеи Теһранда Оман елінің бас прокурорын қабылдауы аясында: "Үстемшіл жүйе аймақта ашқан соғыс пен дағдарыс халықаралық үлкен қылмыс болып табылады. Лаңкестерге дамыған қарулар мен мүмкіндіктер беретін кісілер - қылмыскер. Барлық мемлекеттер лаңкестікпен күреске қатысты халықаралық шешім жолын табуды мақсат етуі керек" деді.