Ислам Революциясы жетекшісінің сайлау туралы көзқарасы
(last modified Thu, 25 Feb 2016 12:26:52 GMT )
Ақп 25, 2016 18:26 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясы жетекшісінің сайлау туралы көзқарасы

Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ислам кеңесі мәжілісі сайлауының оныншы кезеңі мен Эксперттер мәжілісі сайлауының бесінші кезеңінің қарсаңында сайлаулардың осы кезеңі мен революция дұшпандарының саясаты туралы маңызды жайттарды баяндады. Хазірет Наджафабад қаласының мыңдаған халқымен кездесуінде:

«Ирандағы сайлаулардың маңыздылығы тек дауыс беруге байланысты емес. Сайлау Иран халқының халықаралық санкциялар мен қысымдардан кейін дұшпан алдындағы табандылығын көрсетеді» деді.

Өткен 37 жыл ішінде Ислам революциясының дұшпандары әрдайым Ирандағы сайлауды жалған етіп көрсетіп, халықты сайлауға қатысудан бас тартқызуға күш салды. Олар әсіресе соңғы он жылда Иранға шектеулер қою арқылы халықты исламдық жүйе мен революциядан алыстата алатындықтарына сенімді болды. Алайда Иран халқы дұшпанның қалауына қайшы Ислам кеңесі мәжілісі, Эксперттер мәжілісі, кеңестер мен президенттік сайлауларда өз дауыстарын беріп, олардың қастықтарын бейтараптандырды.

Ислам Революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, сайлау халықтың күш-құдіреті мен табандылығын көрсетумен қатар, бір халықтың зұлым мақсаттармен күрестегі адалдығы мен батылдығын да паш етеді. Хазірет аятолла Хаменеи соңғы 37 жылдағы дұшпандардың түрлі сайлаулар кезіндегі айла-шарғыларына сілтеме жасап: «Ирандағы сайлауды жалған деп атап, оны теріске шығару, халықтың сайлаудағы құзырын солғындату, сайлаудың нәтижесі алдын ала белгілі-мыс, сол себепті сайлауға қатысу пайдасыз деген сөздер үстемшіл жүйенің халықты сайлауға қатысудан бас тартқызу үшін жасаған үгіт-насихаттарының қатарын құрайды. Тіпті кейбір жайттарда америкалық қайраткерлер ашық түрде ұстанымдарын білдірді» деді.

Ирандағы діни демократия – исламдық құндылықтар мен қағидаларға негізделіп, билік жүргізудің үлгісі. Осы билік жүргізу үлгісі өткен 37 жылда Иран халқының қолдауын көріп келді. Халықтың сайлауларға ауқымды түрде қатысып, елдің макросаясаттарының болашақ жолын анықтау үшін дауыс беруі – осы қолдаудың белгісі. 2013 жылғы президенттік сайлау революция дұшпандарын халықтың сайлау учаскелеріне ықыласпен келгенін мойындауға мәжбүрледі. АҚШ бастаған кейбір еуропалық елдердің ИИР-мен дұшпандығы салдарынан олардың саясаты сайлаудың осы кезеңінде Иран халқын жүйеге қатысты көзқарасы бойынша екіге бөлуге бағытталды.

Діни жетекшінің айтуынша, сайлаудың болмысы басқа бәсекелестіктер сияқты абыржу мен қобалжу және басымдылықтың болуы мен болмауынан құралады. Алайда сайлауда басымдылықтың болуы мен болмауы қоғамның екі топқа бөлінуі мен адамдар арасындағы дұшпандықты білдірмейді. Иранда екіге бөлінушіліктің болуы туралы сөздер – жалған.

Хазірет Ирандағы екіге бөлінушілікті Ислам революциясы мен имам Хомейнидің қағидаларына адал адамдар және үстемшілдер мен олардың қолдаушылары арасындағы бөлінушілік деп атап, бұл екіге бөлінушіліктегі Иран халқын революцияға деген сүйіспеншілік және имам Хомейни мен оның ой-пікірі мен қағидаларына деген адалдық деп атады.

Әлемнің кез келген жеріндегі дұрыс халықтық сайлау жүйесінде түрлі ағымдар мен партиялар болады. Олардың әрқайсысы түрлі бағдарламалар ұсыну арқылы халықтың назарын өзіне тартуға тырысады. Ағымдар мен партиялардың болуы екі полярлы немесе бірнеше полярлы саяси кеңістіктің туындауына себеп бола алады. Бұл полюске бөлінушілік Конституция мен сол елде таралған құндылықтар шеңберінде болады. Барлық мемлекеттер ұрандары Конституция мен сол елде таралған құндылықтар шеңберінен шығып кеткен ағымдар мен партияларға жұмыс жасауға рұқсат бермейді. ИИР да бұл қағидадан тысқары емес. Сайлаудың осы кезеңіндегі үміткерлер ұстамды, әсірешіл немесе реформатор деп бөлінгенімен Ислам Революциясы дұшпандарының алдында бірдей көзқарасқа ие әрі олар Конституция мен елдің исламдық құндылықтарына берік.