Революцияның жетекшісі: Шәһидтерді еске алу - міндет
(last modified Sun, 02 Oct 2016 16:07:30 GMT )
Қаз 02, 2016 22:07 Asia/Almaty
  • Революцияның жетекшісі: Шәһидтерді еске алу - міндет

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі шәһидтерді еске алуды дұшпанның астыртын әрекеттеріне тосқауыл қою және халықтың арасында ықыласпен қарсыласуды сақтаудың маңызды факторлары деп атады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бюросының ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша, хазірет аятолла Хаменеи 26- шы қыркүйек дүйсенбі күні өткен Кохгилуйе мен Бойерахмед және Солтүстік Хорасан облыстарының Шәһидтер конгресі штабының мүшелерін қабылдауында дұшпанның жұмсақ және жасырын соғыстағы мақсатын халықты жиһад пен қарсыласу айдынынан алыстату, олардың мақсаттарына көзжұмбайлық таныту және елдің идеялық, психикалық кеңістігін басып алу деп атап: «Иран халқы өзінің қарсыласуы және төзімділігімен әлемдік алпауыттарды көптеген мақсаттарында сәтсіздікке ұшыратты.

Үстемшілдер мол құралдары, үлкен насихаттары және жалдамалы баяндамашыларымен, сондай- ақ экономикалық, саяси және қауіпсіздік қысымдарымен Иран халқын үмітсіздендіруге және сахнадан шығаруға күш салуда" деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ басқыншылық соғыстың айтылмаған маңызды қырларын баяндаудың қажеттілігін қуаттап: «Қасиетті қорғаныс ислам мен ислам билігіне және имам Хомейниге қарсы халықаралық соғыспен қарсыласу болды. Бір майдан мен оның көптеген демеушілері бейбақ әрі ақылсыз Саддамға қолдау көрсетті. Сондықтан бүгінгі жастар мемлекетті осындай пәледен құтқарған кісілердің кімдер болғанын және олардың қалай өмір сүргенін білуі тиіс» деді.

 

 

Тегтер