Революцияның мәртебелі жетекшісінің қатысуымен "Тасуа" кешінің аза тұту рәсімі өтті
(last modified Tue, 11 Oct 2016 10:02:06 GMT )
Қаз 11, 2016 16:02 Asia/Almaty
  • Революцияның мәртебелі жетекшісінің қатысуымен

Революцияның мәртебелі жетекшісінің қатысуымен имам Хомейни атындағы хосейниеде "Тасуа" хосейни кешінің аза тұту рәсімі өтті.

«Тасуа» кешінде хазірет Аба Абдолла әл- Хосейнге аза тұту рәсімі ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи және халықтың түрлі топтарынан құралған мыңдаған адам мен бір топ басшының қатысуымен имам Хомейни атындағы хосейниеде өтті.

Осы рәсімде худжат ул-ислам уа ал-муслимин Рафиғи Кербеладағы адал ту ұстаушы имам Хосейннің (ғ) бауыры хазірет Әбал Фазл әл-Аббастың артықшылықтары мен сипаттарына сілтеме жасап: «Хазірет Әбал Фазл әл-Аббас Ашура оқиғасындағы жауапкершіліктің белгісі болды. Ол өз имамына толық бағынуымен Кербела оқиғасындағы жауапкершілігін ойдағыдай атқарды» деді.

Осы рәсімде сондай- ақ сейіт Мұхаммад Мусави мен Мұхаммад Реза Тахери Кербеле туын көтеруші хазірет Әбал Фазл әл- Аббасқа жоқтау өлеңін айтты.

Бүгін, сейсенбі, 2016 жылдың қазан айының 11- і, х.қ. жыл санағы бойынша 1438 жылдың мохаррам айының 9-ы «Тасуа» күні болып табылады.

 

Тегтер