Иран мен Әзірбайжан республикасы арасында сауда келісімшартына қол қойылды
(last modified Sat, 27 Feb 2016 14:11:24 GMT )
Ақп 27, 2016 20:11 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан республикасы арасында сауда келісімшартына қол қойылды

Иранның солтүстік батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысының Сауда палатасы мен Әзірбайжан республикасының астанасы Бакудегі «Бине» сауда орталығы коммерциялық келісімшартқа қол қойды.

Коммерциялық ынтымақтастық туралы осы келісімшартқа Шығыс Әзірбайжан облысының экономика белсенділерінің Әзірбайжан республикасына жасаған сапары барысында Бакудегі «Бине» сауда орталығын аралау кезінде осы орталықтың экономикалық мүмкіндіктерімен танысқан соң қол қойылды.

Келісімшартқа Табриз қаласының Сауда палатасы, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы өкілдерінің мүшесі Әлиреза Ағабалаи мен Бакудің «Бине» сауда орталығының төрайымы Кабира Мұхаммадова қол қойды.

Аталған келісімшарт бойынша, Бакудің «Бине» сауда орталығының павильондары бірқатар жеңілдік негізінде Табриз сауда палатасының кәсіпкерлері мен экономика белсенділеріне 5 жылға тапсырылады.

Бакудің «Бине» сауда орталығында қазіргі кезде Әзірбайжан республикасы, Ресей, Өзбекстан, Грузия және Дағыстан кәсіпкерлері қызмет етіп жатыр.