Лариджани: Иран ислам үмбетінің стратегиялық бірлігін қалайды
(last modified Sat, 27 Feb 2016 14:43:06 GMT )
Ақп 27, 2016 20:43 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран ислам үмбетінің стратегиялық бірлігін қалайды

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран ислам республикасының ислам үмбетінің стратегиялық бірлігін қалайтынын мәлімдеді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Теһранның оңтүстігінде Құм қаласында Ирак парламентінің бір топ өкілін қабылдауында: «Иранның саясаты барлық елдерде демократияны қолдау және Ирак пен Сирияны бөлуге және аймақта бүлік шығаруға қарсылық таныту болып табылады» деді.

Лариджани дұшпандардың Ирак пен аймақта тайпашылдықты өршітіп жатқанын айтып: «Аймақтағы қазіргі жағдайда лаңкестік дағдарыстарды ислам елдерінен алыстату және ислам үмбетінің бірлігін сақтау Иран үшін құнды әрі маңызға ие» деді.

Иран мәжілісінің төрағасы сондай-ақ лаңкестік топтардың аймақтағы кейбір елдерге, соның ішінде Ирак үшін қауіпсіздік тұрғысынан көптеген қиындық тудырып отырғанын қуаттап, қауіпсіз және демократиялық Ирактың болуы Иран үшін маңызға ие екендігін айтты.