Еуропа парламенті Сауд әулетінің беделіне соққы келтірді
Еуропа парламентінің Сауд Арабиясына қару сатуға санкция салу туралы қарар бекітуі Сауд әулеті режимі басшыларының беделіне ауыр соққы келтірді.
Теһранда шығатын «Ресалат» газеті өз мәліметінде Еуропа парламентінде Сауд Арабиясына қару сатуға санкция салу туралы қарардың бекітілгендігіне тоқталып: «Сауд Арабиясы осы қарардың бекітілуіне және өзіне қару саласы бойынша санкция салуға кедергі жасау үшін ауқымды әрекет жасады. Алайда қарардың бекітілуі Сауд әулетінің халықаралық сахнада беделден жұрдай екенін көрсетті. Еуропа парламентінің Сауд Арабиясына қару сатуға тыйым салуды сұрауы бұрын-соңды болмаған әрекет болды. Бұл осы елдің әуе күшінің Йеменде ашқан соғысына қатысты ашу- ызаның артып отырғанын көрсетеді» деп жазды.
Теһранда шығатын осы газет Ұлыбритания, Германия және Франция үкіметтерінің Сауд Арабиясына қару сатушы басты елдер болғанын атап: «Осы елдер Сауд әулетіне Йеменнің қорғансыз халқына қарсы қару- жарақ сату арқылы қолдау көрсеткені үшін халықаралық органдарда сотталуы керек» деп жазды.