Рухани үш министрліктің басшысын тағайындады
ИИР Президенті Білім және тәрбие, Мәдениет және исламдық бағдар, Спорт және жастар министрліктерінің басшыларын тағайындады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні бөлек-бөлек бұйрық шығарып, Мұхаммад Бұтхаиді Білім және тәрбие министрі, Аббас Салехиді Мәдениет және исламдық бағдар министрі, ал Насролла Саджадиді Спорт және жастар министрі лауазымдарына тағайындады.
Рухани, сондай-ақ, осы бұйрықтарда Әлиасқар Фани, Әли Жәннати мен Махмуд Гударзиге Білім және тәрбие, Мәдениет және исламдық бағдар, Спорт және жастар министрліктерінің басшылары болған кездеріндегі қызметтері мен талпыныстары үшін алғыс айтты.
Білім және тәрбие, Мәдениет және исламдық бағдар, Спорт және жастар министрліктерінің басшылары соңғы күндері жеке-жеке хат жолдап, Министрлер кабинетін нығайту жолында әріптестікке дайын екендіктерін жариялаған болатын. Бұл әзірлік ИИР Президенті тарапынан қолдауға ие болды.