Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 22 Oct 2016 06:38:54 GMT )
Қаз 22, 2016 12:38 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері халықаралық қауымдастықтың Сауд Арабиясының Йемен мен аймақтағы қылмыстарының жалғасып жатқанына үнсіздік танытып отырғанын айыптады.

Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары мен осы елдің жазықсыз халқын қырып-жойып жатқанына, соның ішінде жуырда Санадағы аза тұту рәсіміне шабуылына  тоқталып, халықаралық қауымдастықтың Йеменнің жазықсыз халқының қырылып жатқанына үнсіз қарап отырғанын сынап: «Бұл ұялтатын үнсіздік –  адам құқығын  қорғаушымыз деп уәж айтушылар мен БҰҰ-ның Бас хатшысы үшін масқара жағдай»,-деді.

Седдиқи саудиялықтардың Йемен мен аймақта бала өлтіруінің шын мәнінде сионистік режимнің Газа мен Ливандағы қылмыстары мен бала өлтіруінің жалғасы болып табылатынын айтып: «Саудиялық режим АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы сұрқия қастандығына ортақтас»,-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, Иран армиясы Әуе күштерінің «Исламдық басқару жолында жандарын қиюшылардың әуедегі күш-қуаты» атты алтыншы әскери жаттығуына тоқталып: «Жуырдағы әскери жаттығудың жолдауы  аймақ елдері үшін бейбітшілік пен достық, ал ИИР-ның қорғаныс қабілетіне күмәнданған адамдар үшін ескерту болып табылады»,-деді.