Түркияда үкіметке қарсы шерулер өтті
Түркия халқы осы елдің оңтүстік-шығысында үкіметтің басып-жаншу саясаттарына қарсы шеруге шықты.
Press TV-дің хабарлауынша, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласының халқы сенбі күні осы қаланың көшелеріне шығып, үкіметтің басып-жаншу саясаттарын айыптаумен қатар, күрдтерге қарсы шабуылдарды тоқтатуды талап етті.
Диярбакырдағы наразылар осы қалаға қатысты жасалған коменданттық сағатты тоқтатуды талап етіп, полиция қызметкерлерінің шерушілерге қарсы қатыгездіктерін айыптады.
Мыңдаған күрд сенбі күні Францияның Страсбург қаласындағы Еуропа кеңесі штабының алдында шеру ұйымдастырып, Түркияның осы елдің оңтүстік-шығысындағы күрдтерге қарсы шабуылдарына қатысты үнсіздік танытпауды сұрады.
Түркия қарулы күштері мен Күрдістан жұмысшылар партиясы арасындағы қақтығыстар 2015 жылдың шілде айында екі жарым жыл тыныштықтан кейін қайта басталды.