Революцияның мәртебелі жетекшісінің оқушылар мен студенттерді қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 02 Nov 2016 16:14:15 GMT )
Қар 02, 2016 22:14 Asia/Almaty
  • Революцияның мәртебелі жетекшісінің оқушылар мен студенттерді қабылдауында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі революциялық рух-жігер мен ой, қадам жасау мен іске асырудағы батылдық, көрегенділік пен бастамашылдық және келешекке үміт арту мен дұшпаннан қорықпау, оған берілмеу сынды сипаттардың елдің қиыншылықтарын шешетіндігін баса айтты.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иран күнтізбесіндегі «Оқушы күні» және «Әлемдік үстемшілдікпен күрес» ұлттық күні қарсаңында мыңдаған оқушы мен студенттерді қабылдауында жас ұрпақтың арасында имам Хомейни мен халықтың Америкаға қарсы тұруының ақиқаты мен қисынын бұрмалау үшін жасалып жатқан кейбір әрекеттер мен қауіпті талпыныстар және «елдің қиыншылықтарын шешудің жалғыз жолы – Америкамен келіссөз жүргізу және бітімге келу» деген тақырыпты таңуға қатысты ескерту жасады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі 13- ші абанның (3-ші қараша) тарихи атаулы күн екендігіне сілтеме жасап, солардың ең маңыздысын "тыңшылық ұясын" басып алу оқиғасы деп атап: «Бұл күн шын мәнінде тыңшылық ұясын басып алу әрекетімен дұшпанның кез- келген әрекетінің алдын алған мүмін, төңкерісшіл және бастамашыл жастар күні болып табылады» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи имам Хомейнидің "тыңшылық ұясын" басып алуды «екінші революция» деп сипаттауын еске алып: «Осы сипаттама мен атау Американың революцияға дейінгі және одан кейінгі Иран халқына қарсы астыртын әрекеттері мен қиянаттарына байланысты айтылды. Өйткені АҚШ үкіметі ислам революциясын жеңіліске ұшырату үшін кез- келген талпыныс пен ресми және бейресми әрекеттен аянбады. Төңкерісшіл жастар сол заманда «тыңшылық ұясын» басып алу арқылы Американың астыртын әрекетін залалсыздандырды» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сөзінің жалғасында Америкадағы президенттік сайлаудың қос үміткерінің пікірталастарына сілтеме жасап: «Екі үміткер бұл күндері Американың ішіндегі ақиқаттар мен апаттарды әшкерелеп жатыр. Кейбіреулер осыған дейін бұл шындықтарға сенбеген немесе сенгісі келмеген. Алайда қазір олардың пікірталастардағы мәлімдемелері Америкада адами құндылықтардың жойылғанын көрсетеді» деді.

Ол Америкадағы преизденттік сайлаудың соңғы пікірталастарының Америкадағы нәсілдік кемсітушілік пен кедейшілік және ел байлығының 90 пайызының осы ел халқының бір пайызына ғана тиесілі екендігі жөніндегі тақырыптарға сілтеме жасап: «Адами құндылықтар мен адам құқығының бұзылуы, кемсітушілік пен нәсілшілдік Америка қоғамының бүгінгі шындықтарына жатады. Иран халқының имам Хомейнидің кезінде Америкаға қарсы тұруы мен бүгін де одан әрі Америкаға қарсы ұран айтып, осы елмен қарсыласуы мықты және дәйекті қисынға негізделіп отыр» деді.

 

 

Тегтер