Иранның Америкадағы сайлаудың нәтижелеріне көрсеткен реакциясы
(last modified Wed, 09 Nov 2016 14:47:17 GMT )
Қар 09, 2016 20:47 Asia/Almaty
  • Иранның Америкадағы сайлаудың нәтижелеріне көрсеткен реакциясы

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Американың саясатын және аймақ елдерінің істеріне араласуын қатыгездіктің күшеюі, әсірешілдік пен аймақтағы мұсылман халықтың намысына тиюдің негізгі факторы деп атады.

СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуінше, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы әрі ақпараттық дипломатия орталығының төрағасы Бахрам Ғасеми Америкада президенттік сайлау нәтижелерінің жариялануына көрсеткен реакцияда: «Иран халқы АҚШ үкіметі қайраткерлерінің өткен он жылдықтар бойындағы саясаты мен ұстанымдарынан жағымсыз әрі ащы тәжірибелерге ие.

Иран халқы үшін маңызды, назар аударарлық және олардың сараптауында басшылыққа алынатын нәрсе Американың келесі үкіметінің іс- әрекеті мен саясаты болып табылады. Бұл олардың сайлау бәсекелері кезіндегі насихаттық тұрғылары мен мәлімдемелерінен көбірек маңызға ие бола алады.

Таяу Шығыс, Парсы Шығанағы, Аден бұғазы және Қызыл теңіз стратегиялық аймағындағы қазіргі тұрақсыздық және қатыгездік пен экстремизмді таратудан туындаған қоқан- лоққылар мен Иран оған тосқауыл қоюдың алғы шебінде тұрған ДАИШ сияқты түрлі топтардың қауіпті лаңкестік идеяларының таралуы, осының барлығы Американың аймақтық саясатын қайтадан қарау және шынайы түрде бірге ойластырудың қажеттігін көрсетеді» деді.