Зариф: Хезболла – ислам әлеміне қауіпсіздік сыйлайтын фактор
https://itolqyn.com/news/iran-i17947-Зариф_Хезболла_ислам_әлеміне_қауіпсіздік_сыйлайтын_фактор
Иран Сыртқы істер министрі Хезболланы ислам әлеміне қауіпсіздік пен айбын сыйлайтын фактор деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 14, 2016 19:21 Asia/Almaty
  • Зариф: Хезболла – ислам әлеміне қауіпсіздік сыйлайтын фактор

Иран Сыртқы істер министрі Хезболланы ислам әлеміне қауіпсіздік пен айбын сыйлайтын фактор деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф «Ислам әлемінің геосаяси дағдарыстары» атты алғашқы халықаралық форумның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде ислам әлемінің негізгі түйткілін сионистік режим деп атап, исламдық үкіметтердің сионистік режим тарапынан Палестина халқының құқығының бұзылуына жауапты болуы керектігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі сөзінің келесі бір бөлімінде: «Біз қазіргі түйткілдерді басқаруға болатынын қабылдауымыз керек. Осы бағытта ұжымдық түрде бірлесіп әрекет ету қажет. Біз іріткі геополитикасына қарсы бірлік геополитикасын, берілу геополитикасына қарсы қарсыласу геополитикасын, қатыгездікке қарсы  бейбітшілікті, әсірешілдік пен немқұрайдылыққа қарсы ұстамшылдықты ілгерілетуіміз керек» деді.