Камалванди: «Ортақ қадам» келісімін орындауда ең нашар жағдайларды назарға алғанбыз
Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысы Бехруз Камалванди әртүрлі үкіметтердегі мәлімдемелерді шешім қабылдауға негіз ете алмайтындықтарын баса айтты.
Трамптың кеңесшісінің «Ортақ қадам» келісімінің кейбір баптарын қайтадан қарау қажеттігі жөніндегі сөзі туралы сауалға берген жауабында: «Біз өз тұрғыларымызды бұрын жариялағанбыз. «Ортақ қадам» келісімі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен халықаралық келісім болып табылады әрі барлық тараптарға міндет жүктейді. Түрлі үкіметтердегі мәлімдемелерді шешім қабылдауға негіз етуге болмайды. Біз қазір америкалық басшылармен байланыстамыз. Трамп мырзаның билік тізгінін қолға алған кезде алдында тұрған түрлі қиыншылықтарға байланысты Иран мен «Ортақ қадам» келісімінің мәселелеріне қатысты сөйлейтін сөздері мен істейтін істерінің қаншалықты сәйкес келетінін көруіміз керек» деді.