Иран Телерадио ұйымының төрағасы: Хазаи Сирияның мазлұм халқын қолдау жолында шәһид болды
https://itolqyn.com/news/iran-i18085-Иран_Телерадио_ұйымының_төрағасы_Хазаи_Сирияның_мазлұм_халқын_қолдау_жолында_шәһид_болды
ИИР Телерадио ұйымының төрағасы Иран Телерадио ұйымы тілшісінің діни және исламдық құндылықтар мен Сирияның мазлұм халқына қолдау көрсету жолында шәһид болғанын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 16, 2016 08:44 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио ұйымының төрағасы: Хазаи Сирияның мазлұм халқын қолдау жолында шәһид болды

ИИР Телерадио ұйымының төрағасы Иран Телерадио ұйымы тілшісінің діни және исламдық құндылықтар мен Сирияның мазлұм халқына қолдау көрсету жолында шәһид болғанын қуаттады.

ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР  Телерадио ұйымының төрағасы Абдуләли Әли Аскари сейсенбі күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белучистан облысының орталығы Заһеданда шәһид Мохсен Хазаиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде: «Шәһид Хазаи шындықтарды баяндау және қарсыласу ағымдарын қалыптастыру үшін лаңкестердің Сириядағы қылмыстары туралы маңызды ақпараттарды жолдап отырды»  деді.

12- ші қараша сенбі күні Сирияның солтүстігіндегі Алеппоның операциялық аймағында ақпараттық бейнехабар даярлап жатқан кезде миномет жарылысынан шәһид болған ИИР Телерадио ұйымының тілшісі шәһид Мохсен Хазаиді бүгін елдің халқы мен басшылары ақтық сапарға шығарып, Заһедан қаласының шәһидтер мазарында жерледі.