Иран Американың сайлау нәтижесіне төрелік жасамайды
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран ислам республикасының Америкадағы сайлау нәтижесі туралы ешқандай төрелік жасамайтынын қуаттап: «Иран әрдайым Америкадағы басты екі партияның дұшпандықтарына куә болып келеді» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Исфаһанның мыңдаған тұрғынымен кездесуінде Америка қоғамының ішіндегі қиыншылықтар мен шындықтар жөнінде жуықтағы сайлау бәсекелері кезінде талқыланған пікірталастарға сілтеме жасап: «АҚШ президенті ретінде сайланған адам сайлау науқаны кезінде егер осы бірнеше жыл ішінде соғысқа жұмсалған қаржыны Американың ішінде пайдаланғанда, осы елді қайтадан қалпына келтіре алатындықтарын айтқан болатын. Осындай демагогтық сөздерге еретін адамдар сол сөздердің мағынасын түсіне ме екен?» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Америкадағы сайлау бәсекелері кезінде осы елдегі қираулар, кедейшілік және кең-ауқымды қиыншылықтар туралы талқыланған тақырыптарға сілтеме жасап: «Америка соңғы жылдары осы ел халқының қаражатын абыройсыз соғыстарға жұмсады. Соның салдарынан Ауғанстан, Ирак, Ливия, Сирия және Йеменде ондаған мың бейбіт адам қырылып, инфрақұрылымдар жойылды» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Америкадағы жуықтағы президенттік сайлаудың нәтижесіне тоқталып: «Біз Американың сайлауы туралы еш төрелік жасамаймыз, өйткені, Америка – сол баяғы Америка. Соңғы 37 жыл бойында билік басына келген екі партия Иран халқына еш жақсылық жасаған емес, керісінше әрдайым солардың кесапаты тиді. Әлемде Америкадағы сайлаудың нәтижесіне қайғырып немесе шаттанып отырған кейбіреулерге қайшы, біз оған қайғырмаймыз да, шаттанбаймыз да, өйткені біз үшін бәрібір және еш нәрсеге алаңдамаймыз. Алланың мейір- шапағатымен біз кез-келген ықтималды оқиғамен бетпе-бет келуге дайынбыз» деді.