Сардар Деһқан: Иранға қарсы жалпы жоба жеңіліс тапты
https://itolqyn.com/news/iran-i18184
Иранның Қорғаныс министрі сардар Деһқан «Иранға қарсы жалпы жоба жеңіліс тапты. Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайта келтіру үшін әлемдік консенсусқа жететін мүмкіндік жоқ»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 17, 2016 17:16 Asia/Almaty
  • Сардар Деһқан: Иранға қарсы жалпы жоба жеңіліс тапты

Иранның Қорғаныс министрі сардар Деһқан «Иранға қарсы жалпы жоба жеңіліс тапты. Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайта келтіру үшін әлемдік консенсусқа жететін мүмкіндік жоқ»,-деді.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан сәрсенбі күні  Иранның оңтүстігіндегі  Киш аралында Иранның сегізінші әуе көрмесінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «АҚШ-тың жаңа басшыларының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымдарын қайта-қайта өзгертуі және белгісіз жағдайда болуының себебі Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайта келтіру үшін әлемдік консенсусқа жету үшін мүмкіндіктің жоқтығында. Келісімдерді бұзу, оны кешеуілдету немесе бағытты өзгертудің қарсы тарап үшін ауыр шығыны болуы мүмкін»,-деді.

Деһқан, сондай-ақ исламдық Иранның басқалармен сындарлы әріптестігін жалғастыратынына тоқталып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін қарсы тарап үшін өнеркәсіптік даму және Иранның аймақтағы рөлін пайдалану мақсатында Иранмен әріптестік жасауға мүмкіндік туып отыр»,-деді.

Иранның Қорғаныс министрі, сондай-ақ, жақын болашақта жергілікті «Саба-248» тікұшағы мен «Каррар» дамыған танкінің тұсаукесер рәсімі болатынын хабарлады.