Иранның ауыр суының артығының біраз мөлшері Оманға жөнелтілді
(last modified Mon, 21 Nov 2016 08:20:13 GMT )
Қар 21, 2016 14:20 Asia/Almaty
  • Иранның ауыр суының артығының біраз мөлшері Оманға  жөнелтілді

Иранның Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Иранның ауыр суының артығының біраз мөлшерінің басқа елдерге сатылу үшін Оманға жөнелтілгенін хабарлады.

Бехруз Камалванди жексенбі күні ИСНА-ға берген сұхбатында: "Иран мен бірнеше ел және шетелдік компаниямен арадағы ауыр су саудасы туралы келіссөздер ілгерілегеннен кейін Иранда өндірілген ауыр судың артық мөлшері Оманға жөнелтілді. Тағы біраз мөлшері сатып алатын басқа елдерге жөнелтілуі үшін Оманға жіберілетін болады. Иранның ауыр суының артық мөлшерін Оманға жөнелту сауда мақсатында орын алады. Шетелдік тараптармен жүргілізіп жатқан келіссөздер негізінде бұл мөлшер де Оманға жөнелтілетін болады" деді.

Осы уақытқа дейін 42  тонна ауыр су АҚШ-қа, 39 тонна ауыр су Ресейге сатылды.

"Ортақ қадам" бағдарламасына сәйкес, Иран өзінің қажеттілігінен артылған ауыр суды басқа  елдерге сата алады.