Иран мен Украина банк істері саласындағы байланыстарын кеңейтті
Иран ислам республикасы мен Украина банк істері саласындағы байланыстарын кеңейтті.
Иранның Орталық банкінің валюталық бөлімінің орынбасары Ғоламали Камиаб Теһранда Иран мен Украинаның банк саласындағы бірлескен отырысында: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы күшіне енгізілген соң Иранның банктік жүйесі өзге елдердің банктерімен өз байланыстарының деңгейін жоғарылатуымен қоса, осы негізде Украинамен ынтымақтастықтарын кеңейтті» деді.
Украинаның Орталық банк директорының орынбасары Олег Чурий де осы отырыста: «Украинаның министрлер кабинетінің шешімдері бойынша қазіргі кезде ирандық банктермен байланыс орнату үшін ешқандай шектеу жоқ» деді. Олег Чурий елдің ішкі ережелерін халықаралық ережелермен сәйкестіру негізіндегі Иранның шараларын мақтауға тұрарлық деп атап, Украинаның Иранмен қаржылық істерде мәліметтермен тәжірибе алмаса алатынын мәлімдеді.
Иран мен Украинаның банк саласындағы бірлескен отырысының соңында екі елдің банкаралық ынтымақтастықтары туралы меморандумға қол қойылды.