Шамхани: «Ортақ қадам» келісімін бұзу ықтималына қарсы Иран сақтандырушы маневрге ие
https://itolqyn.com/news/iran-i18925
ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы батыс елдері, әсіресе Америка тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылу ықтималына қарсы Иранның сақтандырушы маневрге ие екендігін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 30, 2016 08:27 Asia/Almaty
  • Шамхани: «Ортақ қадам» келісімін бұзу ықтималына қарсы Иран сақтандырушы маневрге  ие

ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы батыс елдері, әсіресе Америка тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылу ықтималына қарсы Иранның сақтандырушы маневрге ие екендігін мәлімдеді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сейсенбі күні сөйлеген сөзінде «Ортақ қадам» келісімінің кейбір қырларында батыс елдері, әсіресе америкалық тарап жағынан уәде бұзушылықтың байқалып отырғанын айтып, Иранның «Ортақ қадам» келісімін бұзбағанын қуаттап: «Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі «Ортақ қадам» келісімі жөнінде Иранның өз міндеттемелерін орындауына қатысты даярлаған техникалық есепте тіпті біржақты болса да, Иранның өз міндеттемелерін орындағанын көрсеткен. Осындай оң әрекет оң жауапты қажет етеді» деді.