Бруджерди: Егер «Ортақ қадам» келісімі бұзылса уран байытуды 190 000 бірлікке жеткіземіз
Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы егер Америка тарапынан санкциялар ұзартылып, «Ортақ қадам» келісімі бұзылса Иранның уран байытуды 190 000 бірлікке жеткізетінін мәлімдеді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы Алаэддин Бруджерди: «Осы қарымта әрекет Ислам Кеңесі Мәжілісінің шешімі мен заңы бағытында орындалады. Біз қазір Американың уәде бұзушылығын қарастырып жатырмыз» деді.
Боруджерди сондай-ақ елдің ядролық тақырыбын барлық бөлімдердің, соның ішінде Үкімет, Мәжіліс пен Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің осы мәселеге қатысты пікір бірлігіне ие ұлттық тақырып деп атап: «Америка келісімгер елдердің және «Ортақ қадам» келісіміне қол қоюшылардың бірі ғана. Біз еуропалықтардың «Ортақ қадам» келісімін бұзуға қарсы екендігінен хабардармыз. Ресей мен Қытайдың Американың шараларына оң көзбен қарамайтындығы белгілі. Сондықтан біз «Ортақ қадам» келісімін орындамау ісінде бастаушы болмауымыз керек.
«Ортақ қадам» келісімін бұзу бағытында осы салада орын алатын әрбір әрекет америкалықтардың атына тіркеледі. Олар Қауіпсіздік Кеңесі демеуші болып отырған осы өрескелдікті Иранның атына жаза алмайды» деді.