Иранның Экономика министрі: «Ортақ қадам» келісімі – халықаралық келісімшарт
Иранның Экономика және қаржы министрі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын халықаралық келісімшарт деп атап: «АҚШ- тың Иранға қарсы санкциялары қайтпасқа кетіп, санкциялардың дуалы құлаған» деді.
Иранның Экономика және қаржы министрі Әли Тайебния Теһранда өткен «Қамсыздандыру және даму» форумында сөйлеген сөзінде: "Өзінің халықаралық міндеттемелерін бұзуға ұмтылған кез келген ел әлемде абырой-беделден жұрдай болады.
Иран «Ортақ қадам» келісіміне қатысты өзінің барлық халықаралық міндеттемелерін толығымен, жылдам әрі бұлжытпай орындады. Халықаралық тәуелсіз орталықтар мұны растап отыр.
Иранмен келіссөзге отырған тараптардан, яғни «алтылық» елдерінен де «Ортақ қадам» келісіміне сәйкес өз міндеттемелерін толық әрі жедел орындау күтілуде» деп баса айтты.