Велаяти Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуға қарсы тұруға дайын екенін қуаттады
ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуға қарсы тұруға дайын»,-деп мәлімдеді.
Әлиакбар Велаяти сенбі күні АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкцияларды ұзарту жобасын бекітуіне қатысты реакциясында: «Санкциялар салынса да, бекітілсе де, ұзартылса да, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу болып саналады. АҚШ Конгресінде бекітілген жоба Иранды алаңдатудан бұрын көбінесе осы елдің достары мен аймақта жеңіліс тапқан жандайшаптарын қуанту үшін жасалды»,-деді.
Велаяти АҚШ пен оның аймақтық одақтастарының Иранды лаңкестікке қолдау көрсетеді деп айыптауын масқарашылық деп атап: «Олар Ливан Хезболласын лаңкестікпен айналысады деп айыптайды. Ал бұл қозғалыс сионистердің басқыншылығына қарсы тұрып, Ливанның аумақтық тұтастығын сақтауға және Сирияның жапа шеккен халқын Батыстың қолдауына ие болып отырған ДАИШ, ән-Носрат және әл-Каида лаңкестерінен қорғауға бар күшін салып жатыр»,-деді.