Аятолла Лариджани "Ортақ қадам" келісімін бұзуға қатысты батыл шешім қабылдау қажеттігін қуаттады
ИИР Сот билігінің төрағасы Садық Амоли Лариджани: «Басшылар асығыстық жасамай, Америка тарапынан "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасының бұзылуына қатысты түзу, қисынды және батыл шешім қабылдауы керек» деді.
Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани АҚШ Конгресінің Иранға қарсы 10 жылдық санкцияларды ұзарту туралы жуырдағы шешімін "Ортақ қадам" келісімін бұзу деп атап: "«Санкцияларды ұзарту жаңа санкция салу дегенді білдірмейді" деген сылтау – бос сөз. Америка санкцияларды ұзартуға дейін түрлі тәсілдер арқылы америкалық және америкалық емес компаниялардың Иранға инвестиция салуына кедергі жасауға талпыныс жасап, Иранның өзге елдермен банк саласындағы байланыстарына қиыншылық тудырды» деді.
Иран Сот билігінің төрағасы "Ортақ қадам" келісім тақырыбына қатысты Иран ислам республикасының аппараттарында бірліктің бар екендігіне сілтеме жасап: «Бүгінде барлығымыз осы халықаралық келісімнің америкалықтар тарапынан бұзылуына тиісті жауап қайтару үшін әзірленуіміз керек» деді.