Ғасеми: Мұсылмандарға қарсы қатыгездік шаралар қоғамды әсірешілдікке бастайды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы діни топтарға қарсы кез-келген кемсітушілік қатынас пен қатыгездіктің айыпталатынын қуаттады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми тілшілермен өткізген апталық отырысында Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына қарсы кемсітушілік қатынас пен қатыгездіктің жалғасуы туралы: «Мұсылмандарға қарсы қатыгездік шаралар қоғамды әсірешілдікке қарай бастайды. Мұндай үдерістің өрістеуі аймақ пен әлемдегі ешбір елге пайдасы болмайды» деді.
Иранның дипломатиялық аппаратының ақпарат хатшысы Мьянма үкіметінің басшыларына өз елдерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін парасатты шешім қабылдап, қатыгездік шаралар мен мұсылмандарға қатысты кемсітушіліктен бас тартуға кеңес берді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ- тың Иранға қарсы санкцияларды ұзартуына сілтеме жасап: «Америка Иранға қатысты өшпенді шараларға дағдыланған. АҚШ Конгресі мен Сенатында Иранға қарсы санкцияларды ұзарту жөнінде орын алған әрекет пен келешекте орын алуы ықтимал әрекеттер бұрынғы келісімдерге қарсы уәдені бұзу болып табылады» деді.