Велаяти Сауд Арабиясын Йеменнің тарихи мұраларын қиратқаны үшін сынады
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Сауд Арабиясын Йеменнің тарихи мұраларын бомбалағаны үшін сынады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти сейсенбі күні Теһранда өткен «Иран: мұрсаттар мен қоқан-лоққылар; мәдени қоқан-лоққылар мен экстремизм» атты конференцияда сөйлеген сөзінде: «Сауд Арабиясы Йеменнің барлық тарихи мұраларын бомбалады. Бүкіл араб аралынан Йемен сынды терең мәдениетке ие жер табылмайды. Батыстықтар экстремистік топтарды исламдық өркениет пайда болған Ирак, Сирия және Йемен сияқты маңызды орталықтарда тудырып, исламдық бай өркениет пен мәдениетті жоюды мақсат етуде. АҚШ пен одақтастары исламдық өркениет пен мәдениеттің орталығы саналатын мемлекеттің жүйесі мен тәртібін бұзу үшін кез келген құралды пайдаланады. Негізінде, егер үкімет өзгеретін болса, халықтың дауыс беруі негізінде өзгеруі керек»,- деді.